4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай бөбекжай-бақшамыздың барлық топтарында тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты — тәрбиеленушілерге мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Топтарда балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтермен танысып, тақпақтар айтып, ән орындады. Сонымен қатар танымдық ойындар, әңгімелесу және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шаралар барысында тәрбиеленушілердің мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түсті.

Добавить комментарий