Балабақша педагогтері мектептердегі Ашық есік күніне қатыстыТәрбиеленушілерімізді мектепке дайындау аясында біздің тәрбиешілеріміз мектептерде өткен Бірыңғай ашық есік күніне қатысты.Бұл – балабақшадан мектепке өту кезеңін жеңіл әрі жайлы етуге мүмкіндік беретін, сабақтастықты нығайтатын маңызды тәжірибе.Кездесу барысында педагогтер маңызды мәселелерді талқылады:бірінші сынып оқушыларының сәтті бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау;бастауыш сыныпта қолданылатын заманауи оқыту әдістемелері;баланың жеке даму картасын пайдалану;мектеп өміріне сенімді қадам басу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.Мұндай тәжірибе алмасу екі тарап педагогтері үшін де пайдалы болды және бізге балаларды мектепке дайындауды одан да сапалы әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.Біз тәрбиеленушілеріміз жаңа өмір кезеңіне қуанышпен және сеніммен қадам басуы үшін бар күшімізді саламыз!











