Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар өтті Балабақшамызда Қазақстан халқы тілдері күніне орай танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.Мақсаты – балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, достыққа, бірлікке және өзге ұлт тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар өлеңдер оқып, ән шырқап, мақал-мәтелдер айтып, тіл туралы жұмбақтар шешті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойында тілге деген құрмет пен махаббат қалыптасты.




