1. Педагогикалық кеңес

2. Интеллектуалды ойыны












3. Ата-аналар жиналысы









4. Қазақ тілін үйренейік (Ата-аналар мен жұмыс)
5. Қазақ тілін Сегізаяқпен үйренейік (ойын әрекеті)
6. Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара
7. Алтын күз ертеңгілігі
8. Біз қазақша сөйлейміз
9. «Шынықсаң шымыр боларсың!» балабақшалар арасындағы челлендж
10. 2024 жылғы 13 қараша күні балабақшамызға «Тілге бойлау» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында балаларды ерте дамыту институтының өкілдері келді.
Жобаға балабақшамыздың төрт тобы (ересек, мектепалды топтары) қатысады. Тәрбиешілер балалар мен ерте дамыту институтының өкілдеріне билингвизым элементтерімен кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әректтерді, ойын әрекеттерін көрсетті. Әдістемелік көмек көрсету барысында өз ісінің мамандары осы жобаны табысты жүзеге асыру үшін ұсыныстары мен тілектерін айтты.















11. Дене шынықтыруда ұйымдастырылған іс-әрекетте қазақ тілін қолдану
12. «Тілге бойлау» жобасын жүзеге асыру бойынша ата-аналарға арналған буклеттер


13. «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы»
Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтылары бар. Оның ішінде «Ханталапай», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Мерген», «Ақсерек – Көксерек», «Асық» сияқты ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеміз. Яғни таңертеңгі қабылдау кезінен бастап кешке баланың үйіне қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтаса жүргізіледі. Сондықтан бағдарлама бойынша арнайы өтетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделген. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын бала санасына құйып, көз алдында көрсете отырып сіңіру оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа баулиды.
Балабақшада қазақтың ұлттық ойындарын бүлдіршіндерге ойнату мен үйретудің негізгі мақсаты балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қоюға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.