Біздің балабақшаның тәрбиешісі Анастасия Николаевна Слётина 2026 жылдың мамырында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық конкурсына қатысты.
Конкурс – бұл әрдайым сынақ: ашық ОД, шеберлік сағаттары, тәжірибені қорғау. Анастасия Николаевна қалалық кезеңде біздің балабақшаны лайықты түрде таныстырып, жоғары кәсібилікті, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық шеберлікті көрсетті және конкурс қорытындысы бойынша жоғары марапат – Гран-приге ие болып, қала атынан облыстық кезеңге қатысу құқығын алды.
Келесі кезең «Еркем-ай» балабақшасының ересек топ балаларымен ОД өткізу болды. Педагог мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын дамытуға өз авторлық көзқарасын көрсетіп, мынаны дәлелдеді: балаларға деген сүйіспеншілік + кәсібилік = нәтиже. Ал нәтиже – 1-орын.
Бұл жеңіс – үлкен еңбектің, шығармашылық ізденістің, балаларға деген махаббаттың және үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылыстың нәтижесі. Балабақша ұжымы біздің педагогты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды және оған одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер, шабыт пен кәсіби өсу тілейді!
Ұжымызда өз ісіне адал, талантты педагогтардың жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз!



















