«Әжемнің ертегісі» атты балабақшамызда дәстүрлі «Әжемнің ертегісі» атты танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.Шараға арнайы қонақ ретінде келген әжеміз бүлдіршіндерге ғажайып ертегі оқып берді. Балалар ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлер туралы өз ойларымен бөлісіп, қызу талқыға түсті.Бұл секілді жүздесулер бүлдіршіндердің тыңдалым, сөйлеу, ой-қиялын дамытып қана қоймай, үлкенді сыйлауға, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелейді.



