25 қазан — Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің Қазақстаным» іс-шаралар

2026 жылғы 21-23 қазан аралығында балабақшада 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.Іс-шараның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Аталған мерекелік іс-шараға кіші, ортанғы, ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері, балабақша ұжымы және ата-аналар белсене қатысты. Бағдарлама барысында балалар Мемлекеттік Әнұранды орындап, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы туралы тақпақтар айтты, патриоттық әндер шырқап, би биледі. Топтарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, сурет көрмелері және тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде, мазмұнды және әсерлі өтті.