Біздің балабақшамызда Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен қызықты әрі танымдық кездесу өтті.
ТЖД қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал кейін ең қызықты бөлім — нағыз өрт сөндіру көлігімен және арнайы құрал-жабдықтармен танысу басталды. Балалар өрт сөндіру көлігінің ішіне кіріп, оның жабдықтарын тамашалап, өрт сөндірушілердің қалай жұмыс істейтіні туралы білді.
Кездесу көңілді ойындарсыз, эстафеталар мен түрлі сайыстарсыз өткен жоқ! Балалар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, көптеген жағымды әсер алды.
Кездесу қызықты, көңілді әрі ең бастысы — пайдалы өтті!













