05.05.2026ж. күні «Баланың жан-жақты дамуы үшін қолайлы пәндік-дамытушы ортаны қамтамасыз ету: физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулық және қауіпсіздік» тақырыбында тәжірибе алмасу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасу.
Шара барысында мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру мекемелерінің педагогтері пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, балалардың денсаулығын сақтау, эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз ету және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын таныстырды.
Іс-шараға ТОО «САД СКО», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, КШГ мектебінің бастауыш педагогтері және №9 мектептің бастауыш буынының педагогтері қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру үдерісінде заманауи әдістерді қолдану, баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсету және қауіпсіз білім беру кеңістігін құру мәселелерін талқылады.
Кездесу кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында тиімді дамытушы ортаны қалыптастыруға оң ықпал етті.
