19.03.26ж «Сәуле» бөбекжай-балабқшасында Наурыз мейрамы қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік конкурс ұйымдастырылды. Іс-шараға «Алпамыс», «Балдырған», «Сәуле» бөбекжай-балабақшаларының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары белсене қатысты.
Конкурстың мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қатысушылар әр ұлттың киімдер киіп, өнерлерін көрсетіп, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарын таныстырды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Конкурс соңында барлық қатысушылар марапатталып, алғыс хаттармен табысталды.


















