Наурыз мерекесін атап өту аясында бөбекжай-бақшамызда балалар арасында «Жүйрік болсаң, оза шап!» атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларды ұлттық ойындарға баулу, шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысында тәрбиеленушілер қазақтың ұлттық ойындарын қызығушылықпен ойнап, өздерінің жылдамдықтары мен икемділіктерін көрсетті. Балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұндай ұлттық ойындар арқылы балалардың дене дамуы артып қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы да қалыптасады.
