«Дәстүрлі әндер» атты караоке сайысы өтті

Бүгін біздің бөбекжай-бақшамызда «Дәстүрлі әндер» атты караоке сайысы өтті. Шараның мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, дәстүрлі әндерді насихаттау және ата-аналар мен педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Сайысқа әжелер тобы, аналар тобы және педагогтер тобы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі әндерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әр топтың өнері жоғары деңгейде бағаланып, қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий