«Ұлттық тәрбие – әкеден» атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Іс-шараға әкелер мен балалары қатысып, ұлттық ойындар арқылы өз ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сайыс барысында әкелер балаларымен бірге белсенділік танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты. Шара көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайтты.
