«Наурыз – достық пен бірлік мерекесі»

Балабақшамызда «Наурыз – достық пен бірлік мерекесі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында балаларға Наурыз мейрамының маңызы, ұлттық дәстүрлер мен салт-жоралар туралы мағлұмат берілді. Балалар тақпақ айтып, ән орындап, ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйде уақыт өткізді. Тәрбие сағаты балаларды достыққа, бірлікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.

Добавить комментарий