Балабақшамызда «Күліп-ойнап шаттанамыз, Наурыз тойын қарсы аламыз!» атты ата-аналармен бірге ұйымдастырылған халық ойындары марафоны өтті. Шара барысында ата-аналар мен балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, мерекелік көңіл-күйде уақыт өткізді. Марафон балалардың белсенділігін арттырып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
