Шеберлік-сынып «Цифырлық сауаттылық: қарапайым дағдыдан еркін әрекетке дейін»

Балабақшамызда ұйымдастырылған шеберлік сыныпқа Сәуле бөбекжай-бақшасы және Снежинка бөбекжай-бақшасы педагогтары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық дағдылардың негіздерін меңгеріп, оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын талқылады. Шеберлік сыныбы тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру технологияларын танып-білуге және кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде педагогтар өздерінің цифрлық құзыреттілігін арттырып, инновациялық құралдарды еркін әрі нәтижелі қолдануға жаңа серпін алды.

Добавить комментарий