2026 жылғы 6 ақпанда «Снежинка» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында «Ойын тәжірибнсі мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеудің инновациялық ресурсы» атты облыстық семинар өтті.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне ойын арқылы балалардың адамгершілік және патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарын таныстыру, тәжірибе алмасу және заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау болды. Іс-шара барысында қатысушыларға ұйымдастырылған оқу қызметінің үзінділері, ұлттық және дидактикалық ойындар, практикалық тапсырмалар көрсетілді. Семинар өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және инновациялық идеяларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік берді. Семинарға қатысқан педагогтар саны-26.








