«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте кәсіптік бағдар беру» мастер-класс

Бүгін бздің балабақшамызда «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте кәсіптік бағдар беру» тақырыбында шағын мастер-класс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларда әртүрлі мамандықтар туралы алғашқы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ олардың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Мастер-классқа «Снежинка» бөбекжай-бақшасының педагогтерімен және «Сәуле» бөбекжай-бақшасының педагогтары да қатысты. Қатысушыларға ерте кәсіптік бағдар берудің маңыздылығы таныстырылып, оны ойын, шығармашылық және танымдық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Тәжірибелік бөлімде балалармен жұмыс жасауға арналған дидактикалық ойындар, жағдаяттық тапсырмалар және көрнекі құралдар ұсынылды.
Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған құнды ұсыныстарымен бөлісті. Мастер-класс мазмұнды әрі нәтижелі деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

Добавить комментарий