Бүгін «Сәуле» бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы логика-математикалық ойындар арқылы дамыту» тақырыбында мазмұны бай, маңызы зор дөңгелек үстел өтті. Шара барысында балабақша ұжымы өзінің озық тәжірибесін таныстырып, авторлық әдістемелік жұмыстары мен инновациялық идеяларын ұсынды. Қатысушылар балалардың әсем әнін тыңдап, ұлттық және заманауи бағыттағы би өнерін тамашалап, бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетіне тәнті болды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырылуымен, кәсіби деңгейімен және жылы атмосферасымен ерекшеленіп, қатысушылардан зор ықылас пен оң пікірлерге ие болды.






























