Педагогикалық воркшоп«Мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері»

2025 жылғы 2 қазан, бейсенбі күні біздің балабақшаға жұмыс сапарымен педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы келді.

Кездесу барысында балабақша ұжымы тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру бойынша өз жұмыс нәтижелерін ұсынды. Тәрбиешілер оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын тәжірибелік жұмыстарын, авторлық әдістемелік материалдар мен дидактикалық құралдарын көрсетті.

Қонақтың ерекше назарын балалардың қазақ тілінде еркін және сенімді сөйлескен ойын іс-әрекеттерінің көрсетілімі аударды. Бұл таңдалған әдістеменің нақты нәтижелер беріп, балалардың ерте тілдік дамуына оң ықпал ететінінің айқын дәлелі болды.

Кездесу соңында профессор педагогтардың жоғары кәсіби шеберлігін, қолданылып жүрген әдістеменің өзектілігін атап өтіп, мектепке дейінгі білім беру саласында екітілділікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Добавить комментарий