Ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

2025 жылдың 17 қыркүйегінен 26 қыркүйегіне дейін балабақшада ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыстар барысында тәрбиешілер жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды, балалардың тәрбиесі мен білім алуындағы басты бағыттар айтылды. Ата-аналарға топтағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері түсіндіріліп, бірлескен жұмысты жетілдіру жолдары талқыланды.
Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныстары тыңдалып, ортақ міндеттер айқындалды. Жиналыстар нәтижесінде балабақша мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Добавить комментарий