Тұрмыста, табиғатта өрттердің туындау қауіпін және көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларын азайту, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында, СҚО ТЖД қызметкерлері 08 сәуір 2025ж күні «Ақ бота» бөбежай-бақшамызда профилактикалық жұмыс жүргізді. Ойын түрінде өрт кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілді, балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірме әңгімелер жүргізілді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар табыс етілді.






