Өсу нүктесі

Өсу нүктесіндегі Петропавл қ. «Ивушка» бөбекжай-бақшасы 2025 жылғы 9 сәуір күні «Мектепке дейінгі балаларда ұлттық құндылықтарды ойын әрекеті арқылы қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында «Ивушка» бөбекжай-бақшасының ұжымы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын және «Тілге бойлау» жобасын іске асыру жұмысын көруге болады. Сонымен қатар «Снежинка», «Арай», «Алпамыс», «Ақ көгершін», «Балдырған» бөбекжай-бақшалары «Ивушка» бөбекжай-бақшасының төрінде өздерінің іс-тәжірибелерімен және көрмелерімен бөлісті.
Педагогтер семинарда өздері үшін пайдалы ақпаратты жоғары бағалады, балабақша жұмысының тәжірибесін педагогикалық қызметінде мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтарын дамыту үшін ойын технологияларын өз қызметінде пайдалануға дайын екендіктерін білдірді. Іс-шараға Петропал қаласының және Аққайын, Есіл, Қызылжар, Мамлют, аудандарының педагогтері қатысып тәжірибе алмасты, пікірлерін білдіре отырып, ризашылықтарын білдірді. Қатысқан педагогтардың саны 30.

Добавить комментарий