Мектепке дейінгі кезеңді аяқтау және мектепке бару — бала өміріндегі қиын және маңызды кезең. Бастауыш мектеп оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларымыз үшін жыл сайын мектеп есігі айқара ашылады. Сабақтастық аясында мектеп мұғалімдері жыл сайын балабақшаға келеді. Ағымдағы жылы бастауыш сынып мұғалімдері «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы»КММ, «М.Жұмабаев IТ мектеп-лицейі» КММ, сонымен қатар білім беру аймағы жұмысы аясында «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IТ -лицейі» КММ мұғалімдері қатысты. Тәрбиеленушілер бастапқы сауат ашунегіздері және математика бойынша білімдерін көрсетті. Мұғалімдер оқу үдерісін бақылап қана қоймай, балалармен жақынырақ танысып, олардың мектепке дайындық деңгейін бағалай алды. Жиын соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жиынға қатысушылардың барлығы балаларды жалпы орта білім берудің 1-ші сатысына көшіру үшін мекемелерге оңтайлы жағдай жасаудың тиімді жолдарын анықтады.




























