«Сапалы білім барлығына қолжетімді» білім беру аймағы бойынша жұмыс жоспарын орындау және 2024-2026жж. жол картасын жүзеге асыру бойынша.
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Жеңіс» ОРМБЖСМ мектебінің жарық спорт залында «Ақ «бота» б/б командасымен волейболдан кездесу өтті. Ойын өте қызықты, әсерлі және достық қарым-қатынаста, бірақ бәсекелестік жағдайында өтті. Әр команда жеңіс үшін күресті. Педагог-спортшыларымыз жақсы дайындығын, спорттық құлшынысын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Осындай кездесулер игі дәстүрге айналса дейміз!