«Ивушка» бөбекжай-бақшасы қаладағы өсу нүктелерінің бірі болып табылады. Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарының орындалуы бойынша 2025 жылғы 4 ақпанда. «Ойынның жан-жақтылығы баланың әлеуметін дамыту құралы» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу іс-шарасы өткізілді. Педагогтар шеберлік-сынып барысында педагогикалық құрал ретінде ойынның теориялық негіздерімен танысты, сонымен қатар балалардың физикалық, шығармашылық және коммуникативті дағдыларын дамытуға ықпал ететін ойын әрекетін ұйымдастырудың практикалық әдістерін меңгерді.
«Ивушка» бөбекжай-бақшасының педагогтары осы тақырып бойынша өз жұмыстарын ортаға салып, «Алёнушка» б/б, «Балдырған» б/б, «Алпамыс» б/б, «Ақ көгершін» б/б педагогтары өз көзқарастары мен тәжірибелерін көрсетті.
Ойынның әртүрлілігі мәселелерді шешу дағдыларын, қиялды, моторика мен әлеуметтенуді дамытудың кілті ретінде қарастырылады. Шеберлік-сыныптарға қатысушылар мазмұнды, нәтижелі, белсенді жұмыс үшін алғыстарын білдірді.














