2025ж.24.01. «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында білім беру округінің Жол картасы мен жоспары, сонымен қатар сабақтастық аясында мектепалды топтарының тәрбиеленушілері арасында спорттық турнир өткізілді. Турнирге «Солнышко» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп жанындағы шағын орталық, «Ақ бота» бөбекжай-бақшасының балалары белсене қатысты. Балалар садақ ату (Мерген), асық ату және спорттық эстафета сынды ұлттық ойындардан бақ сынады. Спорттық ынта мен өз командасының жеңіске деген ұмтылысы балаларды баурап алғаны сонша, олар айналасында болып жатқан оқиғаларға мән бермеді. Жақсы мәреге әрқайсы бірінші болып келуге тырысты. Әсер қалдырған спорттық турнир балалардың басын қосып, ешкімді бей-жай қалдырмады.











