2024 жылғы 12 желтоқсан «Ақ бота» бөбекжай- бақшасы» МКҚК-да мектепке дейінгі ұйымдар арасында жыл сайынғы «Ақ бота» қазақ биінің қалалық фестиваль-байқауы өтті. Би байқауының мақсаты мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында би мәдениетін насихаттау болды. Байқауға 8 балабақшадан би ұжымдары қатысты: «Росинка» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Сәуле» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Арман» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Ивушка» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Батыр» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Арай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК. Барлық қатысушылар жоғары сапалы би орындауын және өнердің осы түріне деген сүйіспеншілігі мен құмарлығын көрсетті. Қорытындылай келе келесі би топтары байқау жеңімпазы атанды:
4-5 жас санаты
1 орын «Арай» б/б
5-6 жас санаты
1 орын «Айгөлек» б/б
2 орын «Батыр» б/б
3 орын «Ивушка» б/б
3 орын «Ақ бота» б/б. Қатысқандары үшін сертификаттармен «Арман» б/б, «Сәуле» б/б, «Росинка» б/б марапатталды.
Қатысқандарыңызға рахмет, барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!




