2024 жылдың 6 қарашасында өсу нүктелері бар Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Солнышко» бөбекжай-бақшасы» МКҚК МҰ педагогтарымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру: тәсілдер, әдістер, тәжірибе» атты тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға әдіскерлер, психологтар, тәрбиешілер қатысты. Балабақша тәрбиешілері әртүрлі көру қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың пәндік-кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру және дамыту, стандартты емес құрал-жабдықтар арқылы көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарында кеңістікті бағдарлау мен көруді қабылдауды дамыту, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған би және қозғалыс терапиясын пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар шеберлік сабақтарына белсенді қатысып, идеялармен және ресурстармен алмасты.