Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің   «Бала шақтан — болашаққа» атты І Халықаралық форум

24 қазанда балабақшамызда «Бала шақтан – болашаққа» 1-ші Халықаралық мектепке дейінгі тәрбиешілер форумы өтті. Бөлім «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбына арналды.
Шараға 30-дан астам мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Балабақша тәрбиешілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары бойынша жұмыстарын ұсынды. Семинар барысында балаларды дамыту мен тәрбиелеу, оларды ұлттық құндылықтармен таныстыру үшін, қазақ халқының отбасылық құндылықтары, отан сүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілікке тарту, отбасылар мен мектепке дейінгі мекемелердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған «Аналар», «Әжелер», «Әкелер» үйірмелерінің жұмыс тәжірибесімен алмасты.

This Post Has One Comment

  1. Briankek

    4AqH6px8UNDTUn2w8LUY

Добавить комментарий