2024 жылғы 10 қазан біздің балабақшада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Психикалық денсаулық пен салауаттылықты барлығы үшін жаһандық басымдыққа айналдыру» тақырыбында іс-шаралар өтті. Бұл іс-шараға барлық жас топтары қатысты: кіші топтарда «Би планетасы» дене жаттығулары өткізілді; ортаңғы топтарда – «Жанымның жарқын түстері» өнер шеберханасы; ересек топтарда «Психологиялық лотерея» шығармашылық шеберханасы (плакаттар мен коллаждар жасау бойынша шығармашылық жұмыс алаңы), ата-аналар үшін таңертеңгілік (мотивациялық тілектер лотосы) өткізілді. Мектепалды даярлық топтарында «Көршіңді құшақтау» акциясы (ең мейірімді, ең ақылды, көңілді, күшті, т.б. сөздерді алдын ала кесіп, қорапқа салады, әр баланы құшақтау керек), «Жағымды өмір сүр» селфи акциясы. . Іс-шаралар қызықты өтті, бұл шараға ата-аналар мен оқушылар қуана қатысты.