2024 ж. 16 мамыр күні «Ақ бота» бөбекжай-бақшамызда ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында ұйымдастырылған отбасы күніне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі отбасы мен МДҰ-ның өзара әрекеттесуі» атты аймақтық семинар өтті. Мақсаты: педагогтермен бірлесе отырып отбасы ынтымақтастығын қалыптастырып, баланы жан-жақты дамытып, рухани дүниесін бай қылуды көздейді.
Еліміздің болашағы — білімді әрі жасампаз ұрпақ. Ал оны тәрбиелеу — бірінші ата-анаға, содан соң педагогқа артылған басты міндет. Осы мақсатта «Ақ бота» бөбекжай-бақшасында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарға мән артатын әжелер клубы, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытатын аналар клубы, салауатты өмір салтын қалыптастыратын әкелер клубы жасақталған. Оның құрамына балабақша тәрбиеленушілерінің аналары, әкелері, аталары, әжелері тартылған. Аталған клубтардың мақсаты да, бағыты да бір.
Аталаған клубтардың жыл бойы жасалған жұмысының нәтижесін және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында құрылған клубтардың жұмысы бір жүйеге қойылғанын бүгінгі семинарда көз жеткіздік.