Ағымдағы жылдың 2 ақпанында «Әдістемелік орталықтың» ұйымдастыруымен «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК қабырғасында «Ойыннан – білімге» көпфункционалды оқу құралдары» атты облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға арналған көпфункционалды оқу құралдарымен таныстырып, тәжірибемен алмасу. Семинар квест-ойыны түрінде өтті. «Ақ бота» бөбекжай-бақшасының ұжымы өздері жасаған «Сегізаяқ», «Ақылды үй», «Ғажайып тастар», «Бассейнге арналған құралдар» оқу құралдарымен ойын түрінде тәжірибесімен бөлісті. Квест-ойыны барысында педагогтарға алуан түрлі тапсырмалар орындау ұсынылды. Семинарға қатысқан әріптестер өздерінің алған әсерлерін, пікірлерін айтып, кері байланыс жасады, ризашылықтарын білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.