«Ақ бота» қазақ би фестиваль-байқауы

2023ж. 20 желтоқсан «Ақ бота» МКҚК-да мектепке дейінгі ұйымдар арасында жыл сайынғы «Ақ бота» қазақ би фестиваль-байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

– Ең дарынды балалар мен би топтарын анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және арттыру, олардың бос уақытын және белсенді демалысын ұйымдастыру; қолайлы психологиялық орта – қуаныш, жайлылық, достық, салауатты өмір салтын насихаттау атмосферасын құру; би топтары арасында тәжірибе алмасу, фестиваль жетекшілері мен қатысушылары арасында шығармашылық және достық байланыстарды нығайту; педагогтар мен басшылардың кәсіби шеберлігін арттыру; балалар шығармашылығын бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету; би дәстүрлерiн жаңғырту және шығармашылық бағыттарды дамыту. Байқауға 5 балалар би ұжымы қатысты: «Ивушка» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Сәуле» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Батыр» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Балапан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК.  Байқаудан алған әсерлер жарқын болды, ол жағымды энергетикаға зор үлес қосты. Байқаудың барлық қатысушылары хореографиялық өнерде өз шеберліктерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы шығарылды:

Гран-При – «Сәуле» бөбекжай-бақшасы «МКҚК;

1 орын – «Ивушка» бөбекжай-бақшасы «МКҚК, «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК;

2 орын – «Батыр» бөбекжай-бақшасы» МКҚК,  «Балапан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, барлық қатысушыларды құттықтаймыз, алдағы жеңістерді тілейміз!

Пікір үстеу