Тема: «Дамытушы және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін арттыру»
10-шы қараша күні «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы»МКҚК-да «Bil-Bala» ойын қобдишасы жобасы аясында «Дамытушы және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін арттыру тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізілді. «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасының педагогикалық ұжымы тәжірбиелік үрдісінде қобдишаларды қалай қолданатынын көрсетті. Жобаны таныстыруда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту-тәрбиелеу құралы ретінде мүмкіндіктерін айқын көрсетті. Бұл қобдиша жапсырма ойындарынан тұрады және ұйымдастырылған іс-әрекеттерде, ұймдастырылған ойындарда балабақшада белсене қолданылады.
«Bil-Bala» — ойыны проблемалық жағдайды талдауға негізделген заманауи білім беру технологиясы. Ол рөлдік ойындарды, жоба әдісін және ситуациялық талдауды біріктіреді. Бұл технологияның негізгі мақсаты – әртүрлі мәселелер арқылы жұмыс істеу және бар білімдерін пайдалана отырып, олардың шешімін табу қабілетін дамыту. «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасының педагогикалық ұжымы «Bil-Bala» жобасы аясында дайындалған қобдишаларды оқыту мен тәрбие үрдісінде қалай тиімді қолданатындары жайлы өз тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестердің назарына білім беру дағдыларына сәйкес 7 қобдиша көрсетілді. Солардың ішінде ұлттық тәрбие негізінде жасалынған қобдиша ерекше көзге түсті. Балабақшада ойындарды ұлттық құндылықтар негізінде қолдану арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолдарын аша білуге қобдишаның тиімділігін көрсете білді. Workshop әдісін көруге қалалық семинарға бөбекжай-бақшалардан 33 әріптестер қатысты.