Құтқарушылар күні

2023 жылдың 20 қазаны Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында біздің балабақшада төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қаупінің алдын алу және өрт кезінде балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында мектепалды топтары балалары арасында профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Шара балаларға ұсынған жарқын да мерекелік флешмобпен басталды.
Одан әрі оқушылар жұмбақ шешті, эстафеталық жарыстарға қатысты, сонымен қатар өрт кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы білім алды және меңгерді. Шара соңында балаларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Іс-шараның барлық қатысушылары үйде ата-аналарымен бөлісетіндей күш-қуат пен көптеген жағымды эмоциялар алды.

Пікір үстеу