Наурыз мейрамы

«Ақ бота» бөбекжай- бақшамызда Наурыз мейрамы мерекесіне арналған апталық мерекелік іс-шарасы өтті. Барлық іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Барлық жас топтарында «Наурыз айы туғанда» тақырыптық әңгімелер өткізілді, онда балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар дөңгелек дастарханда ұлттық тағамдардың дәмін татты. Ересек, мектепалды тобының балалары «Қазақтың ұлттық ойындары» спартакиядасына қатысып, оқушылар ұлттық ойындар ойнады. Барлық топтарда «Тәтті бауырсақ» атты әжелерінің қатысуымен тәрбиеленушілердің бейнероликтерін тамашалауды ұйымдастырды. «Наурыздың барлық түстері» тақырыбында сурет байқауы өтті. Балалар өз қолдарымен достары мен туыстарына «Армысың әз – Наурыз!» атты мерекелік және құттықтау хаттарын жасады. Жас ұрпақты тәрбиелеу, салт-дәстүрді насихаттау, Наурыз мейрамы туралы білім, рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында әр топта «Халықтар дәстүрі – алтын бесік» атты викториналық ойын өткізілді. Ересек және дайындық топтарында «Наурызым – мереке, Наурызым – береке» атты ертеңгілік өткізілді.
Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті, бұл педагогтарымыздың дайындығы мен жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Балалар тақпақ айтты, ән айтты, би биледі, ұлттық ойындар ойнады: Асық ату, Қыз қуу, Теңге алу, Ханталапай, Арқан тарту. Педагогикалық ұжым үшін «Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі» квест ойыны, «Наурыз-караоке» музыкалық байқауы ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралар ұлттық мәдениеттің ынтымақтастығына, отансүйгіштік сезімін оятуға және танымал етуге ықпал етті. Барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды.

Пікір үстеу