Ризашылық күні. Рахмет күні. Алғыс айту адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруді, сондай -ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Күнделікті өмірде алғыс сөздерінің қаншалықты қажет екенін тағы бір рет еске салады, ал жақсы мінез-құлық басқаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алады. Іс-шараның мақсаты — балалардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, алғыс туралы кеңінен түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.