Ұлттық ойын- ұлттық қазына

«Әжелер клубы» аясында «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» тақырыбында балалармен ұлттық ойындар іс-шарасы ұйымдастырылды. Видеода балалар асық ату, арқан тарту, садақпен ату сияқты қазақтың дәстүрлі ойындарын қызыға ойнап, өздерінің шапшаңдығын, күш-қайратын және ептілігін көрсетті. Әрбір ойын балалардың түрлі қабілеттерін дамытады: асық ату – көз дәлдігін, қол үйлесімділігін арттырады; сақа үйіру – шапшаңдық пен назарды шоғырландырады; арқан тарту – күш-қайрат пен командалық ынтымақтастықты нығайтады; садақпен ату – байқағыштық пен мақсатқа жету сенімін береді; асық секіру (асық жинау) – жылдамдық пен қозғалыс үйлесімділігін жетілдіреді. Іс-шара барысында балалар ойындарға белсенді қатысып, ұлттық ойындардың тәрбиелік, рухани маңызын терең түсінді. Бұл ойындар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ұлт мәдениетін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізді. Видеода көріп тұрғаныңыздай, балалар жарысқа деген құлшынысын, ынтымақтастығын көрсетіп, ұлттық ойындардың маңыздылығын іс жүзінде дәлелдеді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың ұлттық болмысын қалыптастыруға, отбасында қазақи тәрбиенің жалғасуына зор үлес қосады.

Добавить комментарий