«Әжелер клубы» аясында, «Бұрымды қыз» тақырыбында челлендж өткізілді. «Бұрымды қыз» челленджі – әжелер клубы ұйымдастыратын тәрбиелік-этномәдени бастама. Оның басты мақсаты – қазақ қыздарының ұлттық келбетін, сымбаттылық идеясын, табиғи сұлулықты және ұзын бұрым өсіру дәстүрін насихаттау. Челлендж түсіру арқылы қазақ қыздарының шашқа күтім жасау мәдениетін үйретудеміз. Ұлттық құндылықтарды сақтау, әжелердің өмірлік тәжірибесін жас буынмен байланыстыру. Әлеуметтік желі арқылы қыздардың бойында ұяңдық, әдеп, тәрбиелілік қағидаларын қалыптастыру.
Ұзын бұрым – қазақ мәдинетінде қыздың: көркі, ұяңдығы, инабаттылығы, денсаулығы туралы түсініктің символы саналаған. Әжелер бұл челлендж арқылы қыздарға: табиғи шаш күтімін, өрімнің түрлерін, ұлттық дәстүрлерді үйретуді басты мақсат еткен.
