Сіздерді «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі Ж.Е.Абилова қарсы алады

Бізге қонаққа келгеніңізге өте қуаныштымыз және танысуымыз екі жаққа да жағымды болуы үшін бәрін жасаймыз.

Біздің веб-сайт беттерінде біз балабақшамыз туралы мүмкіндігінше айтып беруге тырысамыз.

Сізге біздің жұмысымыз туралы толық ақпарат беріледі.

Сонымен қатар, сіз біздің қызметкерлер – тәрбиешілер мен мұғалімдер, аспаздар, медбике, тәрбиешілердің көмекшілерімен сырттай таныса аласыз. Әрқайсысының жұмысы өте маңызды болып табылатын бұл жанашыр және жауапты адамдар ұйымшыл жоғары кәсіби ұжымға айналды.

Біз әрқашан «Өзіңді өз үйіңдегідей сезін!» деген ұстанымен жұмыс істейміз. Сондықтан әрбір бүлдіршінге балабақшамыздың жылы шырайлы атмосферасы ұнайды.

2009 жылдың желтоқсан айында «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК ашылды. Балабақшада 14 топ бар. Оқу-тәрбие үдерісі 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Балалармен оқу- тәрбие жұмысын 28 тәрбиеші және 10 маман жүргізеді: педагог-психолог, қазақ тілі мұғалімі, хореограф, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы.

СанПин ұсынған күн тәртібі, үйлестірілген 4 мезгілдік тамақтандыру, таза ауада көптеген қимыл-қозғалыс ойындар, білім беру бағдарламалары және мұғалімдердің қамқорлығы – баланы табысты тәрбиелеудің негізгі компоненттері. Сәбиіңізге күтім жасауды нағыз мамандарға тапсырыңыз, олар баланың дені сау, белсенді, көпшіл, дарынды болып өсуі үшін бәрін жасайды.

Балаңыздың біздің балабақшаға барғанын қалайсыз ба?

Біздің ресми сайтымыздасіз мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына пайдалы ақпарат таба аласыз. Сайтта көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы бізбен байланысып, кез-келген сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Балаңыз «Ақ бота» балабақшасына барады деп шештіңіз бе?

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

                                    Сіз дұрыс таңдау жасадыңыз:

–Сізді және сіздің балаңызды жас ұрпақты тәрбиелеудегі игі іске жан-тәнімен берілген біліктілігі жоғары, мейірімді ұстаздар күтуде.

– Кәсіби мамандар баланыздың біздің балабақшада қалуына қолайлы жағдай жасайды.

– Медициналық кабинет баланың денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді.

Монтессори кабинеті – «өзін-өзі тәрбиелеу» үдерісін қамтамасыз етеді, онда балалар сезімдерін дамытуға арналған материалдарды меңгеру дағдыларын игереді, математикалық ұғымдармен танысады, табиғат әлемі туралы біледі, өз денесін жаттықтырады..

Дене шынықтыру іс-әрекетін өткізу кезінде балалардың қимыл-қозғалысы мен дағдыларын қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін кеңейтуге, дене қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға, денсаулығын нығайтуға, мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға басты назар аударылады.

Балабақшамыздағы хореография үйірмесі бүлдіршіндерді биге үйретіп қана қоймай, балаларды би өнеріне баулиды.

Жұмыс уақыты: 8:00 – 18:30